Медиация бағытында ғылыми және әлеуметтік жобалар байқауы өтті

656

0

Сурет: облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы

Бүгін Достық үйінде облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен медиация мәселелері бойынша ғылыми жобалар байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты – облыста медиация институтын насихаттау, соттан тыс татуласу шараларының оңтайлы тұстарын халыққа жеткізу, елдегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту болып табылады.

Байқауға Қызылорда, Байқоңыр және аудандардан 40-тан астам жоба ұсынылды. Әділ қазылар құрамына «Бітім» медиация орталығының директоры, кәсіби медиатор Жанна Мирамбекқызы, №173 Ә. Молдағұлова атындағы орта мектеп директорының орынбасары, қоғамдық медиатор Қарлығаш Алтаева, қалалық №7 мектеп-лицейі директорының орынбасары, з.ғ.м. Азамат Алдамбергенұлы енгізілген.

Барлық қатысушылар дайындықпен келген. Олар медиация институттарын насихаттау жолдары, мектеп жасындағы жастар арасында қақтығыстар мен кикілжіңдерді болдырмау, алдын-алу, оңтайлы шешу мәселелері бағытындағы тиімді ұсыныстарын жеткізді. Арнайы макеттер мен бейнероликтер әзірлеп, ғылыми жобаларын белсенділікпен қорғады.

Нәтижесінде әділ қазылардың шешімі бойынша өңірдегі медиацияны дамыту, насихаттау мақсатында байқауға белсене қатысып, жоғары нәтиже көрсеткені үшін үшінші орынмен №222 орта мектептің оқушысы Гаухар Ертайқызы, №246 орта мектептің оқушысы Ақәділ Батыржанұлы марапатталса, екінші орынды №10 мектеп-лицейінің оқушысы Назерке Қанибай және №9 мектеп-гимназия оқушысы Надира Қанатқызы иеленді. Ал жүлделі бірінші орынды мектеп қабырғасындағы медиацияны әлеуметтік желі арқылы дамытып, оқушылар арасындағы туындаған кикілжіңдерді ұшықтырмай, медиация жолымен шешуге атсалысып жүрген мектеп медиаторы, Шиелі ауданы №244 орта мектебінің оқушысы Таңшолпан Қалиева алды. Ол өзінің жобасы арқылы мектептегі медиацияның оқушылар мен ұстаздарға, мектеп басшылығына тиімді екендігін дәлелдей кетті.

Барлық қатысушыларға және жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен арнайы Алғыс хаттар табысталды.

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<