Қазалы аудандық сотында баспасөз мәслихаты өткізілді. Жиында аудандық сот төрағасы Дидар Мұратбекұлы сот әділдігін жүзеге асыру барысындағы атқарылған жұмыстар жайына тоқталды.
Д.Мұратбекұлының мәлімдеуінше, жыл басынан бері барлығы 52 адамға қатысты 42 қылмыстық іс түскен. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты 1 қылмыстық дерек тіркелген. Дегенмен, айыпталушы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР-ның 2016 жылғы 13 желтоқсандағы Заңның 2-бабы 3-бөлігінің 1-тармақшасы қолданылып, сотталушы тағайындалған негізгі жазадан босатылды. Есірткі айналымына орай 8 және әйелдерге қатысты 1 іс бойынша айыптау үкімі қабылданған. ҚК-нің 68-бабы 13 қылмыстық іс бойынша 16 сотталушы қылмыстық жауаптылықтан босатылды. Оның барлығы да медиаторлардың қатысуымен қаралған.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<