Орталық алаңда Астана қаласының 20 жылдығы, Қызылорда қаласының 200 жылдығы, Қызылорда медициналық колледжінің 90 жылдығы, медицина саласының ардагері Ақмырза Сыздықовтың 80 жылдық мерейтойына орай және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ұйыдастырылған медицина қызметкерлерінің спартакиадасы қорытындыланды.
Акцияда Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттыхожаев, облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова және облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілбек Шаухаманов құттықтау сөз сөйлеп, Қызылорда қалалық ауруханасы қызметкерлерінің командасын «Орнынан тұрып секіру» спорт түрінен І-орынды иеленгені үшін және басқа да спартакиада жеңімпаздарын «Дипломмен» және бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Одан соң Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бұқараны салауатты өмір сүруге шақырған – «Сhallange! Сенің жаңа қырың!» – атты Акциясына үн қосқан «Денсаулық Көші» орталық алаңға дейін келіп, түрлі-түсті шарларын көкте ұшырып жиылған қауымға әсерлі көрініс сыйласа, сонымен қатар орталық алаңда спорттық көрсетілімдер көрсетіліп, 3000-нан аса қала тұрғындары бір мезгілде таңғы жаттығу жасап, спорттық «флешмоб» биін биледі.
Сондай-ақ «Денсаулық қалашығында» «Флюро», «Қан тапсыру» жылжымалы кешенді машинасы жұмыс жасаумен қатар, «Балалар қалашығында» түрлі ойындар ойнатылды.
Шара одан әрі концерттік бағдарламаға ұласты.
Қызылорда қалалық ауруханасының баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<