Медициналық бетпердені экспорттауға тыйым салынды

204

0

Қазақстанда медициналық бетпердені экспорттауға тыйым салынды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Осы жерде біз бетперде өндірушілері мен дистрибьютерлердің әдепке сай емес мінез-құлқын атап өткіміз келеді: олар қорларын Қытайға сатқан, осыған байланысты Үкімет экспортқа тыйым салған. Отандық өндірушілер халықтың сұранысын қамтамасыз ете алмай отырғандығына байланысты, шетел өндірушілерінен бетперде сатып алу қарастырылуда», – дейді Д.Ахметшәріп. Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігі ЖРВИ болмаса бетперде киюдің қажеті жоқ екенін атап айтты. «Егер деніңіз сау болса, бетперде киюдің қажеттілігі жоқ екенін тағы бір мәрте естеріңізге саламыз», – дейді ол. Еске сала кетсек, бұған дейін Қытайдан келген қазақстандық және шетелдік азаматтардан коронавирус анықталмағаны туралы хабарлаған едік.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<