Мейіржан Әлібекұлы жаңа қызметте

1222

0

Мейіржан Әлібекұлы «Жетінші арна» бас директорының қоғамдық-саяси мәселелер жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды телеарна сайты.

Мейіржан Әлібекұлы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Журналистика» факультетін тәмамдаған.

БАҚ саласында 17 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан тәжірибелі медиаменеджер. Еңбек жолын 2005 жылы «Атырау» облыстық телеарнасының «Жаңалықтар» бағдарламасында редактор-жүргізуші ретінде бастаған. 2009 жылдан бері республикалық «Қазақстан» телерадиокорпорациясында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

Телеарна дауысы, шеф-редактор, ҚР Президентінің журналистік пул тілшісі болды. «Aптa.kz» саяси-сараптамалық бағдарламасында редактор-жүргізуші, АСБД директорының саяси және аналитикалық бағдарламалар өндірісі бойынша орынбасары, халықаралық «Білім-инновация» қоғамдық қоры Президентінің PR кеңесшісі қызметтерін атқарды.

2019 жылдан бүгінге дейін «JAMBYL» телерадиоарнасының директоры лауазымында болды.

ҚР Президентінің БАҚ саласындағы грант иегері, ҚР Ақпарат саласының үздігі, «Халық сүйіктісі» ұлттық жүлдесінің жеңімпазы.

Отбасылы. 2 ұл, 2 қызы бар.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<