«Мейіржанның оқиғасы сабақ болмаған»: Дариға Бадықова жарнамалаған заңгер алаяқ боп шықты

568

0

Фото: www.instagram.com/dariga_badykova

Комедиялық рөлдерімен халықтың сүйіспеншілігіне бөленген актриса Дариға Бадықова жарнама жасап, бірнеше адамның алдануына себепкер болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Нұрсұлтан Орынбеков атты заңгер парақшасында жариялады. Бейнебаянда актрисаның Ақнұр деген «сіңлісін» жарнамалап, барлық проблеманы шешіп береді дегенін көруге болады.

Ақнұр деген сіңлім бар, сіздерге көмегі тиюі мүмкін. Жалпы қандай да бір іс сотқа кетіп қалып жатса, арестке түсіп қалып жатса, оны шеше алмай жатсаңыз, міндетті түрде осы Ақнұрға хабарласыңыздаршы. Сіздердің барлық проблемаларыңызды шешіп береді, – дейді актриса жарнамасында.

Ақнұр деген заңгерге алданған адамдар Нұрсұлтан заңгерден көмек сұраған.

Ақнұрға алданбаңыздар!

Дариға Бадықова жарнама жасаған Ақнұр есімді ару «Даму» арқылы қара тізімде тұрғанына қарамай, табыс көзін растамай 100 миллион кредит шығарып беремін деп уәде беріп бірнеше адамның 500 мың теңгеден шапкасын алып, қайтармай жүр екен.

«Қарашадан бері құр уәдеге тойып шаршадық» деген бір топ азаматтар маған дабыл қағуымды сұрады.

Өзгелер де алданбасын, алданғандар болса, топпен арызданайық дейді. Мәселе мәмілемен шешілер деп Ақнұрдың өзіне де жаздым.

«Дәлелім бар» деп еді әне-міне деп байланысқа шықпай қойды. Кім жарнама жасаса да қазіргі заманда 10 ойланып, 10 толғанып шешім қабылдау керек, – деп жазды заңгер.

Жазбасының соңында заңгер Дариға Бадықоваға «Сіңіліңізге не дейсіз? Елдің адал ақшасын қайтара ма?» деп сауал қойған.

Желі қолданушыларының арасында да киножұлдыздың жарнамасына сеніп, ақша салғандар шықты.

«Мейіржанның оқиғасы сабақ болмаған», «Дариғаны сотқа шақырту керек», «Қараша айынан бері салған ақшамызды қайтармай, созып жүр. 10 қыз болып, үстінен арыз жаздық», «Дариғаға бәрібір емес пе, жарнамасына түсіп берді», «Тым жақсы актрисаның артына кір келтірдің-ау», «Жұлдыздар шетінен алаяқ болып бара жатыр», «Мысалы, Дариғаны да сотқа тарту керек. Көзі жетпей неге реклама жасап жатыр?», «Реклама жасағандарды да заңға тарту керек қой, бірігіп жасаған іс, біреуі клиент жібереді,екіншісі ақшасын қалтаға салады», – деп оқырмандары пікір жазды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<