Мектеп оқушылары арасында дәстүрлі облыстық жарыстың ашылуы өтті

225

0

Фото: Спорт басқармасы

Бүгін Қызылорда қаласындағы «Евразия» спорт кешенінде «Нашақорлыққа жол жоқ, бәрінде жарысқа» атты жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында облыстық дәстүрлі сайыстың ашылу рәсімі өтті.

Бұл жарыстың басты мақсаты – жасөсіпірімдер арасында спортты кеңінен насихаттау арқылы оларды зиянды әдеттерден сақтау.

Аталмыш жарысқа қала және барлық ауданнан 10 команда өзара бақ сынауда.

Жасөспірімдердің арасындағы тартысты бәсекенің ашылу рәсіміне облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы басшысының орынбасары Жігер Оңдасынұлы арнайы қатысып, оқушыларға салауатты өмір салтын қалыптастыруда спорттың маңызы айрықша екенін атап өтті. Сондай-ақ. Жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тіледі.

Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<