Мектеп оқушысын қатарластары «Неге орысша сөйлейсің, Ресейге кет» деп жылатқан (Видео)

459

0

Фото: скриншот

YouTube әлеуметтік желісінде көзі жасқа толған кішкентай қыздың видеосы тарады. Мұнда ол «Неге орысша сөйлейсің, Ресейге кет» деп қатарластарынан ауыр сөз естігенін айтып, анасына жылайды. Тілге қатысты түйткілді qandastar.kz тарқатады.

Видеожазбада қызға «Қазақстанда қостілділік қолдау таппау керек еді» деген ой айтылғаны келтірілген. Бейнежазбаның астындағы «Не кедергі, тіл үйрен. Бұл өмірде бумеранг бар» деген мәтіндегі комментарийлер елде русофобияның белгілері барын байқататынын айтып отыр канал авторы.

Алайда «Лингвофюрерлікке жол бермеу керек. Қазір XXІ ғасыр» деген пікірлер де кездескен екен.

Бейнежазбада канал авторы қазақ тіліне қарсылығымыз жоқ, бірақ орыс тілін шеттетпеген дұрыс деп отыр. «Орыс тілін де қазақ тілімен бірдей деңгейге көтерсе, мұндай олқылық орын алмас еді. Біз русофобиясыз Қазақстанды қалаймыз» деп түйіндейді сөзін бейнеролик авторы Северный казах.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<