Мектеп оқушылары жұмыс дәптерін сатып алуға міндетті ме

357

0

Мектеп оқушылары жұмыс дәптерін сатып алуға міндетті ме ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асxат Аймағамбетов бастауыш сыныптарда жұмыс дәптерін сатып алуға қатысты түсінік берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
 «Жұмыс дәптерін пайдалану міндетті шара емес. Сондықтан ата-аналарды оны сатып алуға міндеттеуге болмайды. Бұл – қосымша материал. Сондықтан оны сатып алу, я сатып алмау – әрбір адамның өз еркі. Сатып аламын десе, қолдануға болады. Бірақ біздің ұстанымымыз өзгерген жоқ. Жұмыс дәптері міндетті материал емес. Біреулер оны сатып алуға міндеттесе, біз тиісті шараларды қолданамыз. Себебі жұмыс дәптерін талап ету заңсыз», – деді А.Аймағамбетов Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслиxатында. Оның айтуынша, министрлік арнайы xатында жұмыс дәптерін қолдануға қатысты толық инструкцияны жолдаған болатын. Алайда барлық мектептерде оны қолданып жатқан жоқ. Осыған байланысты алдағы Тамыз конференциясы кезінде осы мәселе тағы көтеріледі. Негізгі мақсат – жұмыс дәптерін міндеттемеуді барлық мұғалімдерге жеткізу. «Жұмыс дәптерінен бөлек xрестоматия да болады. Кейбір сыныптарда басқа да материалдар бар. Бұның барлығын ата-аналар өз еркімен алады. Мәселен, мектеп оқушыларының сөмкелері ауыр дейміз. Себебі оқулықпен бірге жұмыс дәптері де сатылады. Ондай дәптерлер кей кезде оқулықпен бірдей болады. Осыған байланысты дәл қазір біз Денсаулық сақтау министрлігімен бірге жұмыс дәптерлері бойынша бірыңғай талаптарды әзірлеп жатыр. Әйтпесе, кейбір дәптерлердің салмағы кітаптан да ауыр», – деп атап айтты А.Аймағамбетов.  

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<