Қызылордада өтіп жатқан Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы аймақтағы жол-көлік инфрақұрылымының сапасына жақсы баға берді.
– Облыстық әуе және теміржолы жүйесі де жаңғыртылып жатыр. Қорқыт ата терминалының жаңа терминалы ашылды. Қызылорда қаласындағы тарихи ғимараттың бірі теміржол вокзалы күрделі жөндеуден өтті. Бұған қоса, аймақтағы 10 теміржол бекетін жаңғырту басталды. Мұның бәрі облыстың логистикалық әлеуетін арттыра түседі, — деді Президент.






