Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Ташкентке мемлекеттік сапармен барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Шығыс» әуежайында мәртебелі мейманның келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеді.
Мемлекет басшысын Президент Шавкат Мирзиёев қарсы алды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімінде Қазақстан мен Өзбекстанның әнұрандары шырқалып, Құрмет қарауылының бастығы рапорт берді. Салтанатты рәсімнен кейін президенттер бір-біріне екі елдің ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Мемлекеттер басшылары «Ташкент-Хумо» әуежайындағы әңгімелесу барысын-да қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі тереңдету жөнінде пікір алмасты.
Сапар бағдарламасына сәйкес бүгін президенттер келіссөздер жүргізеді. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёевтің төрағалығымен Қазақстан-Өзбекстан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің екінші отырысы өтеді.






