Мемлекет басшысы: Қызылорда облысы барлық салада қарқынды дамуда

4

0

Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Қызылордада өтіп жатқан Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сыр елінің даму қарқыны облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың белсенді, табанды жұмысының нәтижесі екенін айтты.

— Қазір Қызылорда облысында әсіресе әлеуметтік салада жақсы жаңалық көп. 3 жылда осы аймақта 34 білім беру, 45 мәдениет және спорт нысаны салынды. Бұған қоса, 40 медицина нысаны ашылды. Менің тапсырмаммен Қызылордада 300 орынға арналған көпбейінді аурухана құрылысы басталды. Көп ұзамай 500 орындық емхана және 200 орындық перзентхана салынады. Бір сөзбен айтқанда, Қызылорда облысы барлық салада қарқынды дамуда. Облыстың жағдайы жалпы жақсы деп күмәнсіз айтуға болады. Бұл әкім Нұрлыбек Нәлібаевтың белсенді, табанды жұмысының нәтижесі, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.