ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда қаласында Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы барысында өңірдің даму бағыты жайлы сөз қозғады.
Мемлекет басшысы өз сөзінде Сыр өңірінде жаңадан бой көтерген нысандардың халық игілігіне сай жұмыс жасап жатқанын алға артып, облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың бұл бағытта жақсы жұмыс атқарғанын айтты.
– Соңғы жылдары Қызылорда заман талабына сай өсіп-өркендеп жатыр. Былтыр аймақтың ішкі жалпы өнімі 6,5 пайызға өсті. Былтыр 27 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Соның ішінде жаңа ЖЭО іске қосылғанын ерекше атап өткен жөн. Облыс тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Өңірдің 80 пайызы көгілдір отынның игілігін көріп отыр. Елді мекендерге газ құбырын тарту жұмыстары алдағы уақытта да жалғаса береді.






