Мемлекет басшысының қатысуымен Бүкілармиялық кеңестің отырысы басталды

627

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтетін Бүкілармиялық кеңестің отырысы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

7 мамыр – ҚР Қарулы Күштерінің құрылған күні қарсаңында өтетін жиын барысында әскери саланы дамытуға және әскер дайындығына, Қазақстан армиясын технологиялық тұрғыда жаңғыртуға қатысты мәселелер қарастырылады.

Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдиновтің сөзінше, биыл Қазақстанның әскери бюджеті өскен.

«Қорғаныс министрлігінің әскери бюджеті қарастырылып, Қазақстанның ЖІӨ-дегі әскери бюджеті бір пайыз шамасында бекітілді», – дейді министрдің орынбасары.

Бұған дейін Қорғаныс министрлігіне қарасты оқу орындары педагогтерінің жалақысы өсетіні белгілі болған еді.

Нақтырақ айтсақ, әскери педагогтердің лауазымды айлық мөлшері:

– 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,32 мөлшерінде;

– 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,74 мөлшерінде;

– 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 3,2 мөлшерінде түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады.

Келешекте әскери командирдің оң қорытындысын алған мерзімді әскердегі жауынгерлерге тегін жоғары әскери білім ұсынылуы мүмкін. Қорғаныс министрлігінің бұл бастамасын елдегі 70 жоғары оқу орны қолдап отыр.

Сондай-ақ, бүгін Президенттің Отан қорғаушы күніне арналған салтанатты шараға қатысатыны хабарланды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<