«Мемлекет беретін 117 млн теңгені қайда жұмсайсыз»: Елдос Сметов сұраққа жауап берді

238

0

Фото: Сали Сабиров

Жамбыл облысының аймақтық коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихатына қатысқан Олимпиада чемпионы Елдос Сметовке «мемлекеттен алған қаражатты қайда жұмсайсыз?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

– Әр спортшының арманы – артынан жақсы бір мектеп ашылса деген ой. Қызмет жасап, жинаған тәжірибені бөліскенге не жетсін!? Мемлекеттен әр спортшыға әртүрлі деңгейде берілетін қаражат бар. Әр адам өзінің жасап жатқан жұмысына қаражат алады. Ол қаражат — айдың аяғында түсетін айлықтарыңыз сияқты. Сол айлықты қалай жаратасың деп сұраса – қалай жауап берер едіңіз. Бұл жеке өмір ғой. Сол сияқты бұл әр адамның жеке өмірі Бұл менің отбасыма, еткен еңбегіме, төкен теріме, жеткен жетістігіме беріліп жатқан баға. Қалай жаратам, не істеп жаратам — жеке өміріме қатысты деп ойлаймын. Бұл төрт жылдық айлық сияқты. Жеке сұрақты қоюдың қажеті жоқ деп ойлаймын, – деді Елдос Сметов.

Айта кетейік, мемлекеттен Елдос Сметовке алтын медаль алғаны үшін 250 мың АҚШ доллары беріледі. Бұл теңгемен шаққанда 117 млн теңгеден асады.

Елдос Сметов 60 келіге дейінгі салмақта Париж Олимпиадасының чемпионы болды. Ол финалда француз балуанын жеңіп, спорттық мансабындағы Олимпиада жүлделерінің қола және күміс медалімен қатар алтын медаліне ие болды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<