МЕМЛЕКЕТ БОЛАШАҒЫ ҮШІН МАҢЫЗДЫ ШЕШІМ

382

0

МЕМЛЕКЕТ БОЛАШАҒЫ ҮШІН МАҢЫЗДЫ ШЕШІМ Жалағаш ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуін талқылау мақсатында аудан әкімі Қ.Сәрсенбаевтың төрағалығымен идеологиялық актив жиыны өтті.

Активте аудан әкімі Елбасы бастамаларының елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайының дамуына зор көмегін тигізетіндігін атап өтті. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының бастамаларына жеке-жеке тоқталып, Ұлт Көшбасшысының Үндеуі бүкіл қазақстандықтарға, еліміздің барша азаматтарына игі әсер ететіндігін айтты. Және де бұл бастамалар еліміз тұтас, қоғамымыз тұрақты болса ғана жүзеге асатындығын жеткізді. Активте Т.Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицей директоры Л.Шөменова «Үндеу білім беру жүйесін жақсартады» атты хабарламасында Елбасы Үндеуінің білім беру саласы үшін маңыздылығын айта келе, мектептегі жүйелі жұмыстарға тоқталды.  Сонымен қатар,  «Кәсіпкерлікті қолдау ел дамуына салынатын инвестиция» тақырыбында «Ауыл» несие серіктестігінің директоры Ш.Серікұлы хабарлама жасап, аудан ардагері Т.Байниязов Елбасының Үндеуі – мемлекеттің тыныс-тіршілігіне, қам-қарекетіне ерекше леп қосатын, серпін беретін маңызды құжат екендігін айтты.

Жиын соңында аудан әкімі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Нұр Отан» партиясының бірінші орынбасары М.Әшімбаевтың Құттықтауын бірқатар партия азаматтарына табыстады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<