Мемлекеттің төл рәміздеріне құрмет көрсетілді

314

0

Мемлекеттің төл рәміздеріне құрмет көрсетілді Шиелі ауданында Рәміздер күніне орай, «Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздігіміздің нышаны» атты салтанатты жиын өтті. Мерекеге аудан әкімі, мемлекеттік қызметкерлер және аудан тұрғындары қатысты.
Шара шымылдығы мемлекеттік Әнұранмен ашылып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Елтаңбасы ұлықталды.
Аудан әкімі Әшім Оразбекұлы шиеліктерді айтулы мерекемен құттықтап, ыстық лебізін білдірді. Сондай-ақ, Мемлекеттік рәміздердің қадір-қасиетін арттыруға, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуге бағытталған жұмыстардың ешқашан құны төмендемеуі қажеттігін баса айтты.
Аудан әкімінің құттықтауынан кейін бір топ мекеме қызметкерлері мерейлі мерекемен марапатталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<