
Шара шымылдығы мемлекеттік Әнұранмен ашылып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Елтаңбасы ұлықталды.
Аудан әкімі Әшім Оразбекұлы шиеліктерді айтулы мерекемен құттықтап, ыстық лебізін білдірді. Сондай-ақ, Мемлекеттік рәміздердің қадір-қасиетін арттыруға, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуге бағытталған жұмыстардың ешқашан құны төмендемеуі қажеттігін баса айтты.
Аудан әкімінің құттықтауынан кейін бір топ мекеме қызметкерлері мерейлі мерекемен марапатталды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<