Фото: Константин Шелков
Отбасы банк «мемлекеттен 116 680 теңге берілетіні» туралы ақпаратты жоққа шығарды деп хабарлады turkystan.kz Informburo-ға сілтеме жасап.
Желіде алаяқтар «10 жылдан астам еңбек өтілі бар ҚР әр азаматы Отбасы банкінің қолданыстағы шоттарынан еңбек шегерімін ала алады» деген жалған ақпарат таратқан.
«Алаяқтар сілтеме арқылы өтіп, WhatsApp-қа «сәлем» сөзін жіберуді сұрайды екен. Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін, күдікті сілтемелер бойынша өтпеуіңізді, жеке деректеріңізді бөліспеуіңізді және тек Банктің ресми ақпарат көздеріне сенуіңізді сұраймыз», – деп хабарлады Отбасы банк.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<