Мемлекеттік бағдарламаның тағы бір нәтижесі

342

0

Фото: Кәсіпкерлік басқармасы

Өңірімізде бизнесті дамытуға мүмкіндік беретін «Микробизнес Қызылорда» жобасы бойынша «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы несие қаражаттарына қол жеткізуге мүмкіндіктер беруде.

Осы жоба бойынша ауданымызда кәсіпкерлікті дамыту жолында қызмет көрсетіп жүрген жас кәсіпкеріміздің бірі – Қазалы ауданының тұрғыны Данияр Нұртай.

Д.Нұртай заманауи форматта шаштаразын ашты. Осы бизнесін дамыту үшін 2023 жылы жоғарыда аталған жоба бойынша несие қаражатына қол жеткізіп, ағымдағы жылдың сәуір айында Әйтеке би кенті орталығынан екі қабатты «Меруерт» сауда үйін пайдалануға берді.

Сауда үйінің бірінші қабатында ерлер шаштаразы, массаж бөлмелері орналасқан болса, екінші қабатында балаларға арналған ойыншықтар дүкеніне жалға берілген. Жас кәсіпкер 2 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<