Мемлекеттік күзет қызметі сарбаздары әскери ант қабылдады

457

0

Фото: ҚР Мемлекеттік күзет қызметі

2024 жылғы 25 мамырда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі Айрықша мақсаттағы күштерінің әскери бөлімдерінде 2024 жылғы көктемгі шақырылым бойынша мерзімді әскери қызмет сарбаздарының Әскери ант қабылдау рәсімі болады.

Астана қаласындағы «Айбын» президенттік полкі әскери қызметшілерінің Әскери ант қабылдау рәсімі «Отан қорғаушылар» монументі жанындағы алаңда өтті, ал Алматы қаласындағы «Батыр» президенттік полкі сарбаздарының осындай салтанаты 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында болды. Әскери ант қабылдау салтанатына жас сарбаздардың ата-аналары мен жақындары қатысты.

Мемлекеттік күзет қызметі сарбаздары әскери ант қабылдады

ҚР МКҚ қатарына 2024 жылғы көктемде шақырылған мерзімді әскери қызмет сарбаздары еліміздің барлық аймақтары мен республикалық маңызы бар қалаларынан іріктеліп алынған. Олар әскери бөлімдердің далалық оқу орталықтарында жаңа шақырылым сарбаздарын дайындау курсынан өтті.

Әскери ант қабылдау салтанаты – ерекше жауынгерлік рәсімдердің бірі. Ант қабылдау арқылы сарбаздар өздеріне Отанды қорғауға әзір болуға, әскери қызмет міндеттерін адал атқаруға жауапкершілік алады.

Мемлекеттік күзет қызметі сарбаздары әскери ант қабылдады

ҚР МКҚ әскери бөлімдерінде мерзімді қызмет атқару барысында жас сарбаздар тәжірибелі нұсқаушылық құрамның жетекшілігімен әскери іске үйренеді, жауынгерлік және арнайы даярлық сабақтарында әскери мамандықтарды меңгереді.

Әскери ант қабылдаған соң мерзімді қызмет сарбаздары ҚР МКҚ Айрықша мақсаттағы күштері атқаратын: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Елтаңбасы эталондарын күзету, Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін протоколдық іс-шараларға қатысу, күзетілетін тұлғалар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету секілді міндеттерді атқаруға кіріседі.

Мемлекеттік күзет қызметі сарбаздары әскери ант қабылдады

ҚР Мемлекеттік күзет қызметі Айрықша мақсаттағы күштерінің мерзімді әскери қызмет сарбаздары қатарына еліміздің 18 бен 27 жас аралығындағы, бойы 180 см-ден жоғары және 195 см-ден аспайтын, білімі орта білімнен төмен емес, денсаулығы жақсы кез келген азаматы қосыла алады. Жоғары білімді, спорттық жетістіктері мен разрядтары бар үміткерлерге басымдық беріледі.

Мерзімді әскери қызметті ҚР Мемлекеттік күзет қызметі қатарында атқару жас азаматтар үшін мықты ерлік мектебі болады, олар мұнда өзінің өмірлік жолына қажетті маңызды дағдыларға үйренеді. Жастар үшін бұл кезең ары қарайғы мансап жолын жалғастыруға негіз, әлеуметтік лифт болуы мүмкін. Мерзімді әскери қызметті аяқтағандар қалауы бойынша қызметті келісімшарт негізінде жалғастыра алады, одан әрі олардың арнаулы мемлекеттік органның қызметкері және офицері болып, күзетілетін тұлғалар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді атқару мүмкіндігі бар.

Мемлекеттік күзет қызметі сарбаздары әскери ант қабылдады

Сонымен қатар ҚР МКҚ мерзімді қызмет сарбаздары үшін мерзімді әскери қызмет атқарған азаматтарды әлеуметтік қолдау бойынша Қазақстан Республикасында белгіленген барлық жеңілдіктер қолданылады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<