Мемлекеттік қолдаудың арқасында наубайхана ашылуда

5

0

Фото: Сырдария аудандық кәсіпкерлік бөлімі

2025 жылдың желтоқсан айының аяғында Сырдария ауданы, Тереңөзек кентінің орталығанан жаңа наубайхана іске қосылуы жоспарлануда. Бұл жеке кәсіпкер Зина Үсенбаеваның бастамасы.

Наубайxана нан пісіруге қажетті барлық заманауи құрал жабдықтармен жабдықталған. Жеке кәсіпкердің айтуынша мұнда күніне тапсырысқа сай шамамен тәулігіне 1000-2000 дана нан пісіріледі деп жоспарлауда.

Наубайханада наннан өзге де кондитерлік тағамдар да сатылымға шығарылады. Бұл нысанда 3 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.

Айта кету керек, кәсіп иесі Зина Үсенбаева жаңа наубайхананы іске қосу үшін «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы» Микроқаржылық ұйымы» ЖШС-і арқылы қаржы алған.