Мемлекеттік қызмет – ел дамуындағы маңызды қызметтердің бірі. Мемлекет пен қоғам арасындағы татулық пен сенімнің мәңгі болуына осы саладағы қызметкерлердің рөлі ұшан-теңіз. Бүгінде аймағымызда осы салада 25 жыл қажырлы еңбек етіп, «Үздік мемлекеттік қызметкер» төсбелгісінің иегері атанған Бақытбек Жұпарбеков Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында БАҚ өкілдеріне өз жұмысының жай-жапсарын айтты.
– Қызылорда облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында қызмет атқарамын. Біздің басты қызмет – халыққа тиімді жолаушылар қызметін көрсету. Одан бөлек, халықаралық жолаушылар тасымалын жандандыруға атсалысып келеміз. Біздің саладағы жаңалықтармен барлығы хабардар деп ойлаймын. Жаңа әуежай құрылысы салынуда. Сондай-ақ, сол жағалаудан автовокзал құрылысы пайдалануға жақын арада беріледі. Осы жобалар қолданысқа берілсе, жұмысымыз жүйеленіп, халыққа әрдайым сапалы қызмет көрсетуге дайынбыз, – деді Бақытбек Жұпарбеков.
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<