Кеше Қызылорда қаласы әкімдігіне қарасты дербес бөлімдер мен кент, ауылдық округ әкімі аппараттарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қатысуымен жиын өтті.
Жиында мемлекеттік қызметшінің имиджіне сәйкес келетін іскерлік киім қағидасын қатаң ұстану қажеттігі түсіндірілді. Сонымен қатар, жұмыс уақыты режимінің сақталуын ерекше бақылауға алуды және еңбек тәртібі мен әдеп нормаларын бұзудың алдын алу мен жою бойынша тиісті шаралар қабылданатыны туралы мәлімдеме жасалды.
Жалпы, Қазақстан Республикасының Әдеп Кодексінде мемлекеттік қызметшілердің ұстануы тиіс мінез-құлықтарының және қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттары бекітілген.
Әдеп кодексінің басты міндеті – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарды болдырмау.
Сондықтан, әрбір мемлекеттік қызметші Әдеп кодексін заңдарының талаптарын мұқият сақтауы қажет.





