Мемлекеттік сапармен келді

74

0

Фото: Ақорда

Кеше Түрікменстан Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовті қарсы алды. Астана халықаралық әуежайында мәртебелі мейманның келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеді.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

ҰҚШҰ отырысына қатысады

26-27 қараша күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысу үшін Бішкек қаласына барады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қарым-қатынастың айтулы кезеңі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа Одағының Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілі Эдуардс Стипрайсты қабылдады.

Мәртебелі мейманға ілтипат та­нытып, Қазақстанның негізгі әрі сенімді серік­тестерінің бірі Еуро­па Одағымен көп­жоспарлы ық­пал­дастықты одан әрі нығайту маңызды екенін атап өтті.

Президент осыдан 10 жыл бұрын қабылданған кеңейтілген серік­тестік пен ынтымақтастық жөніндегі келісім екі жақты-қарым-қатынастың айтулы кезеңі деп санайды. Сондай-ақ Мемлекет бас­шысы Орталық Азия елдері мен Еуропа Одағы арасындағы белсенді және конструктивті диалогқа жо­ғары баға берді.

Эдуардс Стипрайс Еуропа Одағы Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге бейіл екенін мәлімдеп, екіжақты және өңірлік күн тәртібіндегі ықпалдастықтың қарқыны арта беретініне сенім білдірді.

Сенім грамоталарын қабылдады

Ақордада алты елдің төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті.

Сенім грамоталарын Израиль мемле­ке­тінің елшісі Йоав Быстрицки, Қырғыз Респуб­лика­сы­ның елшісі Құдайберген Базар­баев, Куба Республикасының елшісі Альфредо Федел Ниевес Портуондо, Ливан Республикасының елшісі Джордж Абу Зейд, Зимбабве Рес­­­пуб­­ликасының елшісі Марк Грей Маронгве және Сомали Фе­дера­тивтік Республикасының ел­шісі Фатхудин Али Мохамед тапсырды.

Президент Қазақстан барлық мемлекетпен достық қарым-қа­тынас орнатқан бейбіт ел екеніне тоқталды. Сондай-ақ Қазақстанның ішкі саясатында қолға алынған бастамалар жөнінде әңгімелеп, бұл жұмыстар Әділетті Қазақстанды құруға, «Заң және тәртіп» қағи­датына негізделгенін айтты.

Мемлекет басшысы елшілерді дипло­матиялық миссияларының ресми түрде басталуымен құт­тық­тап, Қазақстан тарапы олардың қыз­метіне жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.