Бүгін Жалағаш кентінің орталық алыңында ұлттық мереке – Республика күніне орай аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың қатысуымен Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті.
Мемлекеттілік пен егемендік тұрғысынан маңызға ие ұлттық мерекені ұлықтау рәсіміне ауданның құрметті азаматтары, жастар, волонтерлер мен барлық мемлекеттік мекемелер қатысты.
Ұлттық мереке күні бірлігіміздің символы – көк байрағымызды көтеруге арналған патриоттық акция Жалағаш ауданында да жалғасын тауып, акция аясында тұрғындарға аудан өнерпаздары патриоттық әндер тарту етті.
Жалағаш ауданының баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<