Мемлекеттік грант иемденуден көш бастаған аудан

245

0

Мемлекеттік грант иемденуден көш бастаған ауданСырдария ауданының 90 жылдық мерейтойына ауданның білім саласы тамаша тарту жасады.
Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы негізінде мектеп бітіруші сырдариялық түлектер мемлекеттік грант иемденуден облыс бойынша көш бастады.
Нақтырақ айтқанда, Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесінде аталған ауданның 157 оқушысы мемлекеттік грантқа түсіп, яғни 72,7 пайызбен облыста ең жоғары сатыдан көрінді.
Айта кету керек, былтырғы жылы да ауданның білім саласы аталған көрсеткіш бойынша биік белестен көрінген болатын. Бұл жарқын жетістік мемлекет тарапынан білім саласына бағытталған қолдаудың нетижесі іспетті.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<