Мемлекеттік сатып алуда кездесетін мәселелер талқыланды

500

0

Мемлекеттік сатып алуда кездесетін мәселелер талқыланды Аудан әкімдігінің мәжіліс залында Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелді аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ахетов ашып, жүргізіп отырды.

Жиналысқа Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Қайрат Тұрымтаев, департаменттің талдау, есептілік және сапаны бақылау бөлімінің бас маманы Айнұр Алиева, департаменттің мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы Мұрат Есенбаев, облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының бас маманы Данияр Әбілқасымов, облыс әкімі аппаратының ішкі аудит бөлімінің бас маманы Ерсұлтан Сауранбекұлы және бөлім, мекеме басшылары, ауылдық окург әкімдері, аудан әкімі аппаратының жауапты қызметкерлері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында мемлекеттік сатып алу жұмыстары барысында кездесетін мәселелер кеңінен талқыланды. Сала мамандары қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Ақтөре Ибрагимұлы,
аудан әкімінің баспасөз хатшысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<