Мемлекеттік қызмет – жауапты міндет

333

0

Мемлекеттік қызмет –  жауапты міндет Қазақстанның бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына ену міндеті қойылған кезде мемлекеттік қызметшінің төзімділігін арттыру маңызы бар өзекті мәселеге айналды. Өйткені мемлекет бәсекеге қабілетті болуы үшін оның құрамындағы әрбір мекеме, әрбір ұйым, өз кезегінде сол мекемеде қызмет ететін маманның іс-әрекеті мен қызметі де бәсекеге қабілетті болуы тиіс.
Мемлекеттік қызмет жүйе­сіне енгізілетін жаңа өз­­геріс­терден көп нәтиже кү­ту­ге болады. Мәселен, қыз­мет баспалдағынан өткен мемле­кеттік қызметші ғана шешім қабылдауда шалыс баспайды. Осы орайда мемлекеттік қызметшінің жалақысын  оның атқарған жұмысы мен қабілетіне қарай өсіру жүйеленуде. Бұл да қызметтік сапаны арттырудың бір тиімді тәсілі. Ендігі жерде мемлекеттік қызметші жылдық жеке жоспарын тыңғылықты әрі тиянақты орындаса, мем­лекеттік орган стратегиялық жос­парды абыроймен алып шықса, жетімсіз жалақы өт­кен күннің үлесінде қалмақ. Сондай-ақ,  100 нақты қадаммен нақтыланған Ұлт жоспарындағы мемлекеттік қызметкердің ман­саптық моделіне көшу туралы мәселені дұрыс шешім деп ойлаймын. Әлемдік тәжірибеде континетальды Еуропа ел­де­рінде мансаптық модель – кәсіби, мамандандырылған, терең­детілген мемлекеттік қыз­меткерді даярлауға бет бұрған модель. Бұл адамның әуел баста-ақ  мемлекеттік қызметкер боламын, кәсібім де,  мансабым да осы салада өрбиді деген шешіміне сәйкес қадам. Оқу орнын бітіріп, мемлекеттік қызметке кіру моделі  әскери жүйеден шыққан. Мемлекеттік қызметтегі ман­саптық модель де осыған ұқсас. Демек, мемлекеттік қызметке кірген адамның өсуі жүйелі түрде жүзеге асады. Қызметкер саты-сатының бойымен саяси лауазымға да жетеді. Бұл модельдің ұтымды тұсы адам талабын, өмірін, бүкіл ішкі дүниесін мемлекеттік қыз­метке арнауында жатыр. Соңғы уақытта тәжірибесі жоқ жастардың бірден жоғары лауазымға келуі қатты сынға ұшырап жүргенін білеміз. Осы мансаптық модельде мұндай мәселе болмайды. Жоғары лауазымға келемін деген адамның мемлекеттік қызметтің бүкіл сатысынан өтіп, тәжірибе жинап, пісіп келуін өте орынды бетбұрыс дер едім. Өйткені, мемлекеттік басқарудың ролі қоғамды басқару мен экономиканы дамытуда аса маңызды екенін естен шығармаған абзал.
Әрине, мемлекеттік қыз­меттің мықтылығы сол, қыз­меткерлерді басқару қызме­тінің дәрежесімен өлше­неді. Мемлекеттік басқару академиясының  «Қызмет­керлерді басқару» деген жаңа мамандықты енгізуі – жаңалық. Осы мамандықты оқыған азаматтар мемлекеттік қызметкерлерді іріктеп, олардың мансаптық өсу жолын жоспарлау сияқты қызметтерді атқарады. Демек, олар өз кәсібінің нағыз шебері  болуы қажет. Біз осы үдеден шығу бағытында еңбек етудеміз.

М.ӘЛІП,
облыстық  мемлекеттік
сәулет-құрылыс бақылауы   басқармасының
бөлім басшысы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<