Мемлекеттік қызметші – ел айнасы

566

0

  Мемлекеттік қызметшіге артылар міндет көп. Еліміздің айнасы саналатын бұл саланың азаматтары адалдығымен, іскерлігімен, еңбекқорлығымен ерекшеленеді. Облыста 3500-ден астам мемлекеттік қызметші болса, олардың 1600-ден көбі әйел. Басшы лауазымда 321 нәзікжан жұмыс істеуде.

 Алайда өз қызметіне салғырт қарайтындар да жоқ емес. Мәселен, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаментінің басшысы Нұрман Талқанбаевтың өткен жылы атқарған жұмыстар жайында жасаған баяндамасында 12 мемлекеттік қызметші теріс себептермен жұмыстан босатылған. Оның 5-уі сыбайлас құқықбұзушылық жасаса, 4-уі дәлелді себепсіз бірнеше сағатбойы жұмыста болмаған, бір адам өз қызметіне кір келтіретін теріс қылық көрсеткен, ал 2 қызметкер басқа да себептермен жұмыстан босаған.

«Сб» ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<