16 маусым күні Мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығын мерекелеу аясында мемлекеттік қызметші күніне орай «Алға басу – движение вперед» атты қайырымдылық жүгірісі өтеді.
Шара мақсаты – Елбасының Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес бұқаралық спортты дамыту, мемлекеттік қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау және спортқа баулу, «ДОМ» қайырымдылық қорына қолдау көрсету.
Қайырымдылық жүгірісі Астана, Алматы қалаларында және барлық облыс орталықтарында бір күнде, бір уақытта, бір стартпен өткізіліп, насихатталады.
Жарыс «Достық үйінен» басталып, «Евразия» спорт кешенінің алдында мәреге жетеді. Жарысқа бес жас санатындағы (25-31 жас, 32-39 жас, 40-49 жас, 50-59 жас, 60-69 жас аралығы) мемлекеттік қызметкерлер, олардың отбасы мүшелерімен өзге де жеке тұлғалар қатыса алады.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлер диплом, медальдармен марапатталады.
Қатысушыларды тіркеу «Достық үйі» алдында сағат 09.00-де, 10.00-де салтанатты ашылуы, 10.30-да велоспорт мектебінің алдында марапаттау рәсімі өтеді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<