Мемлекеттік қызметшілер облыс әкімінің жүлдесіне таласады

353

0

Мемлекеттік қызметшілер облыс әкімінің жүлдесіне таласады 22 маусым-5 шілде  аралығында мемлекеттік қызметші күні мерекесіне орай мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығын ұлықтау аясында облыс әкімінің жүлдесіне арналған мемлекеттік және ведомство қызметкерлері арасында дәстүрлі спартакиада өтеді. 

Биыл 24-ші мәрте ұйымдастырылатын жарысқа 25 команда 1000-нан аса мемлекеттік қызметшілер спорттың  8  түрінен: пневматикалық винтовкадан ату, шахмат, тоғызқұмалақ, шағын футбол, үстел теннисі, бильярд, веложарыс, волейболдан сынға түседі.

Айта кетейік, биылғы жарыстың ерекшелігі – спорт түрлерінің қатарына веложарыс енгізілді.

Спорттың әр түрінен жеңімпаз және жүлдегер атанған командаларға облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының естелік сыйлықтары, дипломдары берілсе, жалпы есепте жеңіске ие болған командалар ауыспалы кубок, дипломдармен марапатталады.

22 маусым сағат 19.00-де «Мұз айдыны» спорт кешенінде жарыстың салтанатты ашылуы болады.

 

 

 

 

 

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<