Мемлекеттік қызметшілер смартфон ұстай алады

234

0

 Енді шенеуніктер смартфон пайдалана алады. Бірнеше айдан бері мемлекеттік қызметшілердің жұмысқа смартфон алып кіру мәселесі талқыланған еді. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің министрі Асқар Жұмағалиев қаулы бекітілгенін мәлімдеді.
– Қаулы бүгін бекітілді. Ғимарат иелері мен полиция таяуда нұсқаулыққа қол қояды. Осыдан кейін ғана мемлекеттік қызметкер смартфон қолдана алады,-дейді министр.
Айту керек, осыдан 3 жыл бұрын барлық мемлекеттік органда қызметкерлер мен келушілерге смартфондарды пайдалануға тыйым салынды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<