Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті

245

0

Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті Қызылордада «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы және басқа да сала мамандарының қатысуымен мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті.

Тұрғындар шарада мамандарға мемлекеттік қызметтер, әлеуметтік төлемдер, жер қатынастары, көші-қон, архитектура сынды көп сұранысқа ие салалар бойынша өздерін қызықтырып жүрген сауалдарын қойып, кеңес алды.

Жәрмеңкеге жиналғандар сұрақтарына жауап алып қана қоймай, eGov.kz электронды порталы арқылы алуға болатын қызметтермен танысты. Мемлекеттік корпорация қызметкерлері қазіргі таңда үйде немесе жұмыс орынында отырып-ақ, электронды цифрлық қолтаңба немесе бір реттік құпиясөз арқылы алуға болатын қызметтер туралы айтты. Ол үшін тек мобильді азаматтар базасына тіркелсеңіз болғаны.

Қызығушылық танытқандар қолдарындағы смартфон, планшет, және арнайы орнатылған компьютер арқылы оңай, әрі түсінікті механизмдерді қолдана отырып өздеріне керекті анықтама алып та көрді.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментімен бірігіп ұйымдастырылған іс-шара алдағы уақытта өз жалғасын таппақ.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ 

Қызылорда облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<