Мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі басты назарда

38

0

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының облыстық филиалымен бірлесе отырып облыс көлеміндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша брифинг өткізілді.

Халыққа қызмет көрсету орталығында өткізілген брифингте Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметтер басқармасы басшысы Ілкібаев Ғалымжан Маратұлы мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Қайруллаев Айдын Бөкенбайұлы облыстағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында атқарылған жұмыстар туралы баяндап, БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді.

Жыл басынан бері Қызылорда облысының аумақтық және жергілікті мемлекеттік органдарымен 396 мемлекеттік қызмет түрі бойынша 2941069 қызмет көрсетілген.

Электронды көрсетілген қызметтердің үлесі 2017 жылмен салыстырғанда 39,1 пайызға артқан (36,3-тен 75,4-ке дейін).

Ал, баламалы қызметтер бойынша мемлекеттік органмен қағаз түрінде көрсетілген қызметтер үлесі 29,2 пайызға төмендеген (44,4-тен 15,2-ке дейін).

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың сақталуына Департаментпен 62 тексеру жүргізілген.Тексеру нәтижесімен 5662 заң бұзушылық анықталды. Оның ішінде: қызмет көрсету тәртібін бұзу – 5291, стандартта көзделмеген құжаттарды талап ету – 178, толық емес құжаттар бола тұра қызмет көрсету – 147, стандартта көрсетілген қызмет көрсету мерзімдерін сақтамау – 37, бас тарту мерзімдерін бұзу – 1, өзге де заң бұзушылықтар – 8.

Заң бұзушылықтарға жол берген 24 қызметшіге тәртіптік жаза қолданылды. Оның ішінде, 19 «ескерту», 2 «сөгіс», 3 «қатаң сөгіс».

Сондай-ақ, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мерзімін және тәртібін бұзуына байланыстыҚазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 465-бабына сәйкес 7 әкімшілік хаттама толтырылып, 4 лауазымды тұлғасот шешімімен және 1 лауазымды тұлғақысқартылған тәртіппен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облысы бойынша филиалының қызметкерлерімен бірлесіп, электронды қызмет алушылардың үлесін арттыру мақсатында облыстың барлық аудандары мен ауылдық округтерінің мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлеріне Е-gov «электронды үкімет» порталымен жұмыс жасау дағдыларын түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Түсіндіру жұмыстарымен 50583 адам қамтылды.

Сонымен қатар, электронды қызметтер алуды насихаттау мақсатында спорт және өнер саласы өкілдерінің қатысуымен бейнероликтер әзірленді.

Атап айтқанда, бейнероликтердің түсіріліміне 2017 жылы Германияда өткен бокстан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев, эстрада жұлдыздары Жеңіс Сейдуллаұлы, Мәдина Садуақасова, Жеңіс Ысқақова, Гүлнұр Оразымбетова, белгілі шоумен Нұрлан Қоянбаевтар қатысып, облыстық телеарна арқылы көрсетіліп, «YouTube» сайтында, «Facebook», «Instagram» әлеуметтік желілерінде орналастырылды.

Сондай-ақ, облыстық және аудандық Қоғамдық кеңестердің 8 отырысында мемлекеттік қызмет көрсету саласы бойынша өзекті мәселелер қаралып, тиісті ұсыныстар берілді.

Бұдан бөлек, Департаменттің ұйымдастыруымен Қызылорда қаласында және барлық 7 ауданда «Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі» өткізілді.

Жәрмеңкеде қоғамдық маңызы бар әлеуметтік, денсаулық, білім, жер қатынастары, тұрғын үй қатынастары, құрылыс, көші-қон салаларымен, ХҚКО-мен көрсетілетін қызметтер аудан тұрғындарына бір орталықтан қызмет алуға және кеңестермен жүгінуге мол мүмкіндік берілді.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда Департаментпен Халыққа қызмет көрсету орталықтарында белгілі бір сомаға өз қызметтерін көрсететін «көмекші», «делдал» азаматтарды анықтау бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Аталған тұлғалардың қызметі сыбайлас жемқорлықтың бір көрінісі болып табылады. Қызметтерді алу кезінде азаматтардың «көмекші», «делдал»тұлғаларға жүгінбегені абзал.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз