Мемлекет тарапынан халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында түрлі бағыттағы бағдарламалар жүзеге асуда. Соның бірі – ұлттық жоба шеңберінде бизнес-идеяларды іске асыруға арналған қайтарымсыз грант.
Биылғы жылы Сырдария ауданы, Шіркейлі ауылының тұрғыны, көп балалы ана Бақытжанқызы Лаура мемлекеттік қайтарымсыз грантқа қол жеткізіп, берілгін қаражатқа цехқа қажетті құрал-жабдықтар сатып алған.
Қазіргі таңда кәсіпкер өз үйінен торт және түрлі кондитерлік тәтті тағамдарға тапсырыс қабылдап, отбасылық кішігірім ісін дөңгелетіп отыр.
Қазір кәсіп бастаймын немесе кәсібімді ұлғайтамын дегендерге мемлекет тарапынан түрлі жағдайлар жасалып жатыр. Қайтарымсыз мемлекеттік грант – соның бір дәлелі. Бұл шағын іс бастауға қаражаты жоқтарға немесе қаражаты жетпеген белгілі бір санаттағы азаматтарға үлкен көмек. Мысалы мен қолымнан келетін кәсібімді мемлекеттің осынау көмегі арқылы бастағаныма өте қуаныштымын – дейді жас кәсіпкер Лаура Өмірзақова.






