Меморандумға қол қойылды

437

0

Қызылорда облысы ПД бастығы Қожабаев Мұхтар Аманқұлұлы Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Қайшыбеков Бақыт Сапарғалиұлымен кездесті. Кездесу барысында ведомство басшылары өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Құжат шеңберінде көлеңкелі экономикамен күрес, экстремизмді қаржыландыруға қарсы күрес, есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы тұру мәселелері бойынша Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бағытында өзара тиімді іс-әрекетті жүзеге асырады. Екі департаменттің арасындағы ұзақ мерзімді заңды қарым-қатынасын білдіретін алғашқы құжат. Осылайша, екі құрылым бірлескен жұмысты жетілдіру үшін өзара іс-қимыл жасасу және күштерді біріктіру туралы бірыңғай келісімге келіп отыр.

«Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандығын қорғау, қоғамдық тәртіпті сақтау, сондай-ақ қылмысқа қарсы күрес әрекеттерін жақсарту және дамыту мақсатында осынау меморандумға қол қойылды. Осы меморандумды іске асыру бойынша жұмыстар жасалатын болады», деді Мұхтар Қожабаев.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<