Мемлекеттік қызметшілер ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бірлесіп ұйымдастырған веложарысы арқылы, Елбасы бейнеүндеу жариялап, қолдау білдірген «Challange сенің жаңа қырың» акциясына облыс тұрғындарын белсене қатысуға шақырды.
Веложарыстың мақсаты – мемлекеттік қызмет істері органдарының 20 жылдық мерейтойы аясында «Challange Сенің жаңа қырың» республикалық спорттық бастамасын қолдау, мемлекеттік қызметшілер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау болып табылады.
100-ден аса мемлекеттік қызметшілер қатысқан спорттық іс-шаралар «Сыр Ана» монументі алаңында ашық жаттығулар өткізуден басталды. Сенбілік таңда қала тұрғындарымен бірге кешенді жаттығулар жасап, бой сергіткеннен кейін, спортты жанына серік етіп, салауатты өмір салтын ұстанған Қызылордалық мемлекеттік қызметшілер веложарыста бақтарын сынап көрді. Қызықты да тартысты өткен веложарыстың жеңімпаздары департаменттің дипломымен, кубогымен марапатталды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<