Мен бар мақсатыма жеттім, бұл қазақ спортының тарихи күні – Елдос Сметов

5

0

Фото: Сали Сабиров

Дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов жеңісті сәттен кейін қуанышымен бөлісті.

«Мен көздеген бар мақсатыма қол жеткіздім. Бүгін мен үшін де, ел спорты үшін де тарихи сәт. Бұл күндер мәңгі жүректе қалады. Мәңгі ұмытылмайды. Өте, өте қуанышта тұрмын. Мен елдің үмітін ақтай алдым», – деді Сметов жарыстан кейін ағынан жарылып.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Елдос Сметов Қазақстан спортшыларынан бірінші болып Париж Олимпиадасының алтынын жеңіп алды.

Сонымен қатар, Елдос Сметов қатарынан үш Олимпиада ойындарына қатысып, барлығында жүлдегер атанған Қазақстан тарихындағы алғашқы спортшы.

Ол осыған дейін Рио олимпиадасында — күміс, Токиода — қола алса, міне, Парижда — алтын медаль жеңіп алып отыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<