«Мен үшін күтпеген жағдай»: Отандық кәсіпкер әнші Amre-ге көлік мінгізді

10

0

Фото: instagram.com/amre_official/

Көпшілікке Amre лақап атымен танымал қазақстандық әнші Ернар Садырбаевқа отандық кәсіпкер көлік мінгізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Ол жазбасында күтпеген жерден темір тұлпарға ие болғанын айтып, өзін қуантқан жанға алғыс білдірді.

“Бүгін ойламаған жерден жаңа көліктің иесі болдым. Кеңес ағам маған үлкен сыйлық жасап, шетелдік байқауларымды тамашалап жүргенін айтты. Өнер жолымды қолдау ретінде маған көлік сыйлады. Мен үшін күтпеген жағдай, рақмет аға”, – деп жазды ол.