«Мен және әлем» тақырыбында семинар-тренинг өтті

783

0

Облыстық қоғамдық даму басқармасының тапсырысымен ҮЕҰ-дың ресурстық орталығы және «Асыл мұра – орда» қоғамдық қорының бірлесе ұйымдастыруымен «Аймақта отбасылық-демографиялық саясатты дамыту» әлеуметтік жобасы аясында ерекше бала тәрбиелеп отырған отбасылардың қатысуымен «Мен және әлем» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Ерекше баласы бар отбасыларды қолдау мақсатында ұйымдастырылған семинар-тренингті психолог-консультант, нейрокоуч Гульсая Кутжанова жүргізіп, аналарға жан-жақты психолоиялық кеңестер берді. Аналардың психологиялық жай-күйі, қиындықпен күрес, баласымен бірге жүргізетін психологиялық-педагогикалық технологияларына, оны түзету, тәрбиелеу әрі қолдау аспектілеріне тоқталды.

Сонымен қатар, жиында баланың жанұяда жеке өмірге бейімделу мүмкіндіктерін анықтап, отбасындағы баланың қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне тоқталды.

Қатысушы аналар шынайы эмоцияларын шығарып, бір сәт сергіп, сала маманымен пікір алмасты. Басына түскен уақытша қиындықты жеңудің жаңа көздерін ашып, өз-өзімен тікелей жұмыс жасауға бекініп, жақсы көңіл-күймен тарқасты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<