Мені финалда күтіңіздер – Назым Қызайбай

304

0

Фото: Владислав Семенов/ҰОК

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бокстан әйелдер арасында жартылай финалға шыққан Назым Қызайбай жекпе-жектен кейінгі әсерімен бөлісті

«Жекпе-жекті өздеріңіз көрдіңіздер, бүгін барымды салып жұдырықтастым. Мұндай жауапты сәтте жұдырықпен бірге басты да істете білу керек. Осыған дейін бір рет есе жібергенім бар-тұғын. Міне, Париж төрінде сол есемді қайтардым», – деді боксшы Назым Қызайбай.

Сонымен қатар алдағы жартылай финалдық айқаста да ел сенімін ақтауға күш салатынын атап өтті.

«Алда тағы да маңызды, жауапты кездесулер тұр. Қарсыласым да белгілі болды. Енді сол айқасқа дайындаламын. Мені финалда күтіңіздер», – деді боксшы.

Естеріңізге сала кетейік, Назым Қызайбай бірінші жекпе-жегінде Италия боксшысы Джордана Соррентиноны жарыс жолынан тайдырса, екінші айқасында бразилиялық қарсыласы Каролин Барбоза де Алмейданы 5:0 есебімен ұтып, ширек финалға шыққан болатын.

Париж Олимпиадасына Назым Қызайбайдан бөлек тағы екі боксшы Карина Ибрагимова мен Валентина Хальзова да лицензия жеңіп алған болатын. Өкінішке қарай екеуі алғашқы жекпе-жектерінде қарсыластарынан жеңіліп, жарысты ерте аяқтады. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<