Менингиттің шарықтау шегінен өттік – Жандарбек Бекшин

332

0

Менингиттің шарықтау шегінен өттік - Жандарбек Бекшин Қазақстанда менингитпен ауру көрсеткіші төмендей бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулықты сақтау комитетінің төрағасы – ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлім етті.
«Аурудың беті қайтты. 17-ші апта шарықтау шегі болды, бұл кезде республикада бір аптада – 15, Алматы қаласының өзінде 13 адам тіркелді. Сол шарықтау шегінен өттік. Бүгін қуанып отырмыз, Алматыда төрт тәуліктен бері менингококтық инфекциямен келіп тіркелген ешкім жоқ», – деді ол.
Жандарбек Бекшиннің айтуынша, бүгінгі таңда республика бойынша 24, Алматыда 12 науқас емделіп жатыр.
«Алматыдағыларды ауруханадан шығарып жатырмыз, 14 науқас емделіп шықты, осының өзі аурудың беті қайтқанын көрсетеді», – дейді бас санитар.

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<