27 жастағы жаңақорғандық азамат осыдан 3 күн бұрын ауыр жағдайда аурухана түскен болатын. Оған тиісті ем шаралары толық жасалғанымен, беті бері қарамаған.
Науқастың инфекцияны қайдан, қалай жұқтырғаны әзірге белгісіз. Ол облыс аумағынан шықпаған. Тұрақты жұмысына барып-келіп жүрген. Науқаспен қарым-қатынаста болған жұмыс орнынан 11 және отбасындағы 4 адам бақылауға алынды. Отбасынан бір адам жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды.
Жақсылық Абдусәметов, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
– Қасындағы қарым-қатынаста болған азаматтардың барлығы бақылауға алынды. Антибактериалды профилактикалық емін толық алды. Ол азаматтардың ішінен қазіргі таңда ауру белгісі байқалып отырған жоқ. Бірақ өзінің мерзімі бар, соған дейін толық медицина қызметкерлерінің бақылауында болады. Алматы облысында іссапарда болып келген қызметкерлер болған. Сол жақтан келуі мүмкін деген болжам жасалуда. Ал бірақ нақты анықталған жоқ.
www.24.kz
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<