Мереке иелерін құттықтады

258

0

  Кеше Жалағаш аудандық Қ.Қазантаев атындағы Мәдениет үйінде 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер және Полиция күніне орай салтанатты шара өтті. 

Шараны аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев ашып, ел үшін ерен еңбек үлгісін көрсетіп жүрген қос саланың қызметкерлерін  кәсіби мерекелерімен құттықтап, бірқатар мемлекеттік қызметшілерге және ішкі істер органдарының ардагерлері мен қызметкерлеріне  Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының марапаттарын, «Үздік жас мемлекеттік қызметші» номинациясын, аудан әкімінің, «Алғыс хаттарын» табыстады.

Сондай-ақ, салтанатты шарада аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Әлиев мемлекеттік қызметшілер мен ел қорғаны полиция қызметкерлерін құттықтап, облыстық, аудандық ардагерлер кеңесінің марапаттарын табыстады.

Салтанатты шара мемлекеттік қызметшілер және Полиция қызметкерлері күніне арналған концерттік бағдарламаға ұласты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<