Синоптиктер сәуірдің соңғы күндері мен 1-2 мамыр күні елімізде ауа райы қандай болатынын айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.
29-30 сәуір күні елдің солтүстігі мен шығысында жауын-шашын болады деп күтілуде.
Қазақстанның оңтүстігі, оңтүстік-шығысы, батысы мен орталығында да жоғары атмосфералық қысымның әсерінен өткінші жауын болуы мүмкін.
Сонымен қатар еліміздің оңтүстігі, оңтүстік-шығысы және кей орталық аудандарында күн 22-33 градусқа дейін ысиды.
Мамырдың басында еліміздің басым бөлігінде күн суып, өткінші жаңбыр мен найзағай болады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<