Қызылорда облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде баспасөз-мәслихаты өткізілді.
Өңірде жаңа жылдық мереке кезінде бірқатар мекемелер күшейтілген режимде жұмыс істеді. Бұл күндері аймақта 68 сәби дүниеге келді. Облыс бойынша 79 жедел жәрдем тобы жұмыс атқарды.
– 2024 жылдың 31 желтоқсан мен 2025 жылдың 4 қаңтары аралығында өңірде жағдай қалыпты өтті. Департаменттің жауынгерлік есебінде 186 қызметкер, 55 бірлік техника, 2 тікұшақ пен 2 қайық және 1 кинологиялық есеп қызмет атқарды. Жалпы департамент мамандары 16 рет түрлі оқиға орындарына шығып, жұмыс атқарды. 4 техногенді сипаттағы төтенше жағдай тіркелді. Сондай-ақ, құлыпталып қалған пәтерлердің есіктерін ашқан құтқарушылар 8 адамды құтқарды. Облыс және аудан орталықтарында орналасқан жаңа жылдық шыршаларға кезекшілік ұйымдастырылды, нәтижесінде оқыс оқиғалар тіркелген жоқ,- деді облыстық ТЖД жоспарлау және жедел басқару орталығы өрт байланысы бекетінің бастығы Нұрболат Қиятов.
– «Жедел әрекет ету орталығы» екі функция бойынша жұмыс істейді. Оның бірі – «109 – Бірыңғай байланыс орталығы» болса, екіншісі – «112 – Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі». Осы қызмет түрлері бойынша барлығы 64 оператор жұмыс істеді. Мереке күндері «112»-құтқару қызметіне 1 451 хабарлама түссе, «109»-Бірыңғай байланыс орталығына 1675 өтінім келіп түсті,- деді Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Жедел әрекет ету орталығы» КММ-нің директоры Темірхан Мұқанғали.
Қызылорда облысы ТЖД
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<