8 наурыз мерекесі қарсаңында Қызылорда облысында өмірге жаңа үміт, жаңа қуаныш сыйлаған 33 сәби дүниеге келді.
Олардың 14-і – қыз бала, 19-ы – ұл бала. Бұл күн көптеген отбасылар үшін қос мерекеге айналып, ата-аналарға шексіз бақыт сыйлады.
Жаңа туған нәрестелерге ұзақ ғұмыр, бақытты балалық шақ, ал олардың ата-аналарына денсаулық пен қуаныш тілейміз! Әр сәби отбасына береке, елімізге құт-береке алып келсін!
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<