Мереке құрдастары бас қосты

311

0

Аралда Тәуелсіздік мерекесі және «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығына орай айтулы мереке құрдастары бас қосты.
«Нұр Отан» партиясы Арал аудандық филалының ұйымдастыруымен өткен кездесудің  мақсаты – Тәуелсіз елімізбен және Тәуелсіздігімізді тұғырландыруға, келер ұрпақтың жарқын болашағын қамтамасыз етуде елдіктің ерен үлгісін көрсетіп келетін еліміздегі жетекші саяси ұйым «Нұр Отан» партиясының құрдастарымен пікірлесе отырып, олардың осы жылдардағы жеткен жетістіктерін насихаттау мен патриоттық, рухани қаситеттерді дәріптеу.
Тәуелсіздік және партия құрдастарымен болған келелі  кездесуге «Жас Отан» ЖҚ Қызылорда облыстық  филиалының төрағасы Талғат Тілес арнайы қатысты. Ол Тәулесіздік жылдарындағы еліміздің жетістіктерін, сонымен қатар «Нұр Отан» партиясының атқарған қызметі туралы ойын ортаға салып, замандастарын Тәуелсіздіктің маңыздылығын терең түсінуге, оның құндылықтарын  қадірлеуге шақырды.
– Елдің еркіндігін аңсау бар, оған жету бар және оны ұстап қалу деген жауапкершілік бар. Үш түрлі кезеңнің үш түрлі тарихы бар. Біз дәл осы кезеңнің үшіншісіндеміз. Яғни, келешекке бастаушы, келешекті жасаушы ұрпақпыз. Ендеше қолда бар алтынның қадірін білу оны замандастарымзға түсіндіру және келесі бір дәуірге аманаттау және жеткізу – біздің мойнымыздағы парыз,- деді жастар көшбасшысы Талғат Тілес.
Жастығына қарамастан кездесуге жиналған мереке құрдастары өз саласының үздігі болып үлгерген. Бірі мұғалім, бірі дәрігер, бірі мемелекеттік қызметте жұмыс істесе, енді бірі  құқық қорғау, әскери қызметтер атқарып жүр. Ауыл шаруашылығына араласып, өз орындарын тапқандар да бар. Кездесу барсында аудандық әкім аппаратында қызмет жасайтын Тәуелсіздіктің төл құрдасы Дәурен Жүсіпов осы жылдардағы өз жетістіктерімен бөлісті.
– Біз еркіндіктің ерке желіне ең алғаш болып, маңдайын тосқан азаматтармыз. Бұл біздің Тәуелсіздік жылдарындағы ең үлкен жетістігіміз деп білемін.  27 жылда тегін білім алдым, тегін  жұмысқа орналастым, отбасылы болып, перзент сүйіп отырмын. Биыл «Болашақ» бағдарламасы аясында Америкада оқуға мүмкіндік алдым деді ол.
Ал жиырма жасқа енді толатын партия құрдасы Жансая Бақытжанова  Елбасы Төрағалық ететін «Нұр Отан» партиясымен бірге өмірге келгендігін мақтаныш тұтады. Әрі оны үлкен жауапкершілік деп ұғынады. Болашақта ел мұраты үшін аянбай тер төгуге дайын екендігін жеткізді.
– Мен биыл «Нұр Отан» партиясының қатарына мүшелікке кірдім. Аудандық ауруханада медбике болып қызмет жасаймын. «Нұр Отан» өзінің саяси Доктринасында азаматтардың денсаулығын басты құндылық етіп көрсеткен. Сондықтан елімнің, партиямыздың алға қойған міндеттерін бұлжытай орындауға бар білім-біліктілігімді, күш жігерімді арнап, партияластарыммен бірге үлкен жетістіктерге жететініме сенімдімін деді ол.
Одан әрі, кездесу барысында жастар Тәуелсіздік құндылықтарын, еліміздің дамуындағы жастардың рөлі тұрғысында пікір алмасып, ойларын ортаға салды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<