Мерекелік жәрмеңке

222

0

Фото: ауыл шаруашылығы басқармасы

Бүгін Қызылорда қаласы әкімдігі мен Байқоңыр ӘКК» АҚ ұйымдастыруымен ауыл шаруашылығы тауарөндірушілері мен кәсіпкерлердің қатысуымен Тасбөгет кентінің орталық алаңында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде.

Жәрмеңкеде қала тұрғындарына жылқы, сиыр, қой еті тауарөндірушілердің бағасымен ұсынуда.

Атап айтқанда, сиыр еті 2500 теңгеден, жылқы еті 2300-2700 теңге аралығында сатылуда.

Сонымен қатар, 15 тоннаға жуық картоп, 12 тонна көкөніс өнімдері, 8 тонна бақша, 8 тонна ет пен 6 тонна балық, 2 тонна сүт өнімдері, 15 тонна күріш және тағы басқа да өнімдер нарықтан төмен бағада ұсынылуда.

Мерекелік жәрмеңке

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<